Павлодарлық өрт сөндірушілер шағын трактор құрастырып шығарды

Павлодарлық өрт сөндірушілер шағын трактор құрастырып шығарды

Екібастұздық өрт сөндірушілер еліміздің азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орай МТ-13 4 x 4 «ТҰЛПАР» шағын тракторын құрастырды.

Жобаның авторы – Екібастұз қаласынадғы №6 өрт сөндіру бөлімнің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Серік Раскелдінов. Жобаны жүзеге асырып, мини-тракторды құрастырғандар №6 өрт сөндіру бөлімнің өрт сөндірушісі Мұхтар Әділет және осы бөлімнің жүргізуші-қызметкері Тілек Мейрамғалиев. 

«Барлық бөлшектерді металл базасынан жинақтап, кейбірін қолдан дәнекерлеп жасады. Трактордың отырғышына ескі креслоны пайдаландық», - дейді №6 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Дархан Қабылтаев. Шағын тракторды өрт сөндіру бөлімінің аумағын тазалау және қар шығару жұмыстарына пайданау көзделіп отыр.  

 

Павлодар облысы ТЖД

баспасөз қызметі