
Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ 242 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарып, эвакуациялады, сондай-ақ 19 автомашинаны қар құрсауынан шығарды.
Ауа-райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы хабарламалар СМС-хабарламалар, ТЖМ, аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы халыққа жеткізілді. Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қатысты.
Құтқару жұмыстарын ерекше атап өткен жөн:
Абай облысында қар құрсауында қалған автокөліктен 2 адам құтқарылды.
Жарма ауданында Қалбатау ауылынан 15 шақырым жерде ТЖМ күштері қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктен екі адамды құтқарып, Қалбатау ауылына жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Ақтөбе және Қарағанды облыстарында ТЖМ құтқарушылары 100 астам адамды жылыту пунктеріне эвакуациялады.
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында республикалық маңызы бар автожолда қозғалыстың шектелуіне байланысты Қарабұтақ ауылындағы блок-бекетте 78 жолаушысы бар екі автобус қалып қойды. Сондай-ақ Қарағанды облысының Абай ауданында, жабық жол учаскесінің алдында орналасқан Топар кентіндегі блок-бекетте 56 жолаушысы бар бір автобус тоқтап қалды. ТЖМ құтқарушылары, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органның қызметкерлерімен бірге автобустардан 100 астам адамды жақын жердегі жылыту пункттеріне орналастырды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Жетісу облысында қар құрсауынан 30 адам құтқарылды.
Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» автожолының 112 шақырымында ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған адамдарға көмекке келді. Үш жеңіл көлікте 8 ересек адам болған. Олардың барлығы құтқарылып, Көктұма станциясына жеткізілді. Олардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ.
Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» автожолына қатарласа орналасқан ауылішілік жолда Көктұма станциясынан 25 шақырым қашықтықта авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Қар құрсауында төрт жеңіл автокөлік қалды, олардың ішінде жеті адам болған. ТЖМ құтқарушылары азаматтарды эвакуациялап, Көктұма станциясына жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Алакөл ауданында Үшарал–Достық автожолында Көктұма станциясынан 20 шақырым жерде қар құрсауында қалған бес жеңіл автокөліктен адамдарды эвакуациялау авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. ТЖМ құтқарушыларының күшімен 15 адам құтқарылды. Барлығы Көктұма станциясына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет емес еді.
Ақтөбе облысында ТЖМ қызметкерлері 60-қа жуық жолаушыны эвакуациялады.
Әйтеке би ауданында Қарабұтақ ауылынан 15 шақырым жерде «Мәскеу-Шымкент» бағытындағы рейстік автобуспен жүк көлігі соқтығысты. Өрт болған жоқ. ТЖМ құтқарушылары вахталық автомобильдің көмегімен 59 жолаушыны жақын маңдағы «Маяк» кемпингіне эвакуациялады. Олардың арасында Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары бар. Зардап шеккендер жоқ.
Алматы облысының тауларында ТЖМ құтқарушылары туристі тапты.
Түнде Алматы облысы Қарасай ауданының таулы аймағында биіктігі 4400 метр болатын «Жас гвардия» шыңы маңында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Түскен ақпаратқа сәйкес 1998 жылы туған жігіт 27 желтоқсан күні шамамен сағат 19-00-де «Жас гвардия» шыңына шығу үшін жолға шығып, сол уақытта соңғы рет байланысқа шыққан. Кейіннен оның ұялы телефоны өшіп қалған. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылды. Құтқару қызметінің қызметкерлері жоғалған азаматты «Советов шыңы» маңынан тауып, оны «Үлкен Алматы көлі» бақылау-құтқару пунктіне дейін түсірді. Ол медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Батыс Қазақстан облысында ТЖМ құтқарушылары мұз астына түсіп кеткен жүк көлігін шығарды.
112 пультіне Октябрьское ауылында Шаған өзеннен өту кезінде жүк көлігі мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жүргізуші дер кезінде көліктен шығып үлгерді. Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Сүңгуірлер тобы арқанды бекітіп, жүк көлігін судан шығарды. Зардап шеккендер жоқ.
Қостанай облысында ТЖМ қызметкерлері ер адамды қар құрсауынан құтқарды.
Целинное ауылынан 2 шақырым қашықтықта орналасқан ауылішілік жолда қар құрсауында жеңіл автокөлік тұрып қалды. Көліктің ішінде шетел азаматы болған. Оқиға орнына ТЖМ күштері жіберілді. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында көлік қар құрсауынан сәтті шығарылды. Жүргізушіге медициналық көмек қажет болған жоқ.
Қарағанды облысында ТЖМ құтқарушылары бұзылып қалған автобустың жолаушыларын эвакуациялады.
112 пультіне «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 180-шақырымында Теміртау қаласы маңында жолаушылар автобусының сынып қалғаны және құтқарушылардың көмегі қажет екені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді. Автобустан 32 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланып, жылыту пунктіне жеткізілді. Жолаушылардың арасында Қытай Республикасының 2 азаматы және Өзбекстан Республикасының 2 азаматы болған. Эвакуацияланған азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖД күшімен өтімділігі жоғары техникасында автожолдардың күрделі қарлы учаскелерінде адамдардың және кептелісте қалған автокөліктердің болуына патрульдеу жүргізілді. Құтқарушылар халыққа көмек көрсетіп, автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда.
Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа-райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады.