ТЖМ құтқарушылары «Жыл үздігі-2025» атағына ие болды

ТЖМ құтқарушылары «Жыл үздігі-2025» атағына ие болды

  Қазақстан ТЖМ қызметкерлері адамдарды құтқару кезінде көрсеткен жоғары кәсібилігі, батылдығы мен жанқиярлығы үшін «Жыл үздігі-2025» құрметті атағына ие болды.

  Шығыс Қазақстан облысында осы номинация бойынша Өскемен қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Қанат Қапанов наградталды. Оған награданы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов табыс етті. Канат Қапанов бұл жоғары марапатты 6 қараша күні Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде орын алған өрт кезінде көрсеткен ерлігі үшін алды.

  Қызметтен тыс уақытта ол бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден қою түтін шығып жатқанын байқайды. Ойланбастан түтінге толы пәтерге кіріп, екі баланы құтқарып, оларды таза ауаға алып шықты. Осыдан кейін ол тұрғындарға қауіп туралы ескертіп, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін эвакуацияны ұйымдастыруға көмектесті.

  «Мен бала кезімнен өрт сөндіруші болуды армандадым. Адамдарға көмектесе алатыныма қуаныштымын», - деді Қанат Қапанов.

  Жыл қорытындысы бойынша үздік мамандар қатарына енген Ақтөбе қаласының құтқарушылары да «Жыл үздігі-2025» атағына ие болды. Төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесін дамытуға және Ақтөбе қаласының тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін №5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Омар Ырысбек осы номинацияда наградталды.

  Сонымен қатар «Жастар сыйлығы» сыйақысы аясында «Үздік жас өрт сөндіруші» номинациясы бойынша жас құтқарушы, Ақтөбе қаласы №24 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Алдажар Дәуір жеңімпаз атанды.

 Бұл наградалар адамдарға көмек көрсету олар үшін жай ғана қызметтік міндет емес, нағыз өмірлік миссия екенін дәлелдейтін құтқарушылардың жанқияр еңбегінің айқын айғағы болып табылады.