Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінде азаматтық қорғау органдарының қызметі мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында цифрлық платформаларды, мониторинг және болжау сервистерін енгізу мәселелері, оның ішінде Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығы базасында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға арналған төтенше жағдайлардың геоақпараттық жүйесін енгізу мәселелері қаралды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне арналған Төтенше жағдайлардың автоматтандырылған ақпараттық-талдамалық басқару жүйесінің геоақпараттық жүйесін дамыту, оны қолданудың өзекті мәселелері мен перспективалары талқыланды.
Сарапшылар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметінде төтенше жағдайлардың автоматтандырылған ақпараттық-талдамалық басқару жүйесінің геоақпараттық жүйесін қолдану шарттары мен практикалық аспектілерімен бөлісті.
Қоғамдық кеңес ТЖМ қызметінің ашықтығын және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуде, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығы мен азаматтық қоғаммен конструктивті диалогты дамытуда маңызды рөл атқаруды жалғастыруда.