Қазақстанның ТЖМ құрамасы Мәскеуде өткен құтқарушылардың халықаралық хоккей турниріне қатысты

Қазақстанның ТЖМ құрамасы Мәскеуде өткен құтқарушылардың халықаралық хоккей турниріне қатысты

  Мәскеудегі Қызыл алаңда Қазақстан, Ресей және Беларусь құтқару ведомстволары арасындағы халықаралық хоккей турнирінің финалдық матчтары өтті.

  Қазақстан турнирге ТЖМ құрамасынан құрылған «Batyr team» ведомстволық командасының спортшыларынан тұратын құрама командасын ұсынды. Делегацияны төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Рамиль Камалов басқарады. Қазақстан құрамасының халықаралық сайыстарға қатысуы Қазақстан құтқарушылары қорының қолдауымен жүзеге асты.

  Турнир нағыз спорт мамандарын біріктірді. Мәскеудегі мұзда финалдық матчтардан бұрын екі күндік жаттығулар мен қарқынды сайыс өтті. 

  Ресей ТЖМ мен Беларусь Республикасының ТЖМ командалары арасындағы жаңа жыл алдында өтетін достық хоккей матчтары өткізу дәстүрі көп жылдан бері жалғасып келеді. 2025 жылы спорттың осы түріне алғаш рет Қазақстанның ТЖМ құрамасы мен Офицерлер хоккей лигасының командасы қосылып, турнирге халықаралық ауқым мен ерекше маңыз берді.

  Халықаралық хоккей турнирі достық, өзара құрмет және спорттық бәсекелестік атмосферасында өтті, бұл құтқару ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың жарқын үлгісіне айналып, қатысушылар мен қонақтарда ұмытылмас әсер қалдырды.