Сахнадан интерактивті модельдерге дейін: ТЖМ қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда

Сахнадан интерактивті модельдерге дейін: ТЖМ қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда

  Төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері халық арасында, әсіресе балалар мен жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған заманауи, әрі креативті оқыту форматтарын енгізуді жалғастыруда.

  Шығыс Қазақстан облысында ТЖД құтқарушылары сахнадан қауіпсіздік ережелері туралы айтып берді. Өскемен қаласында оқушылар өрт қауіпсіздігі бойынша білімдерін театрландырылған қойылым арқылы бекітті. Спектакль ТЖД қызметкерлері бұған дейін әзірлеген аттас мультфильмнің желісімен қойылды. Қойылымда мектептегі театр студиясының балалары актер ретінде өнер көрсетті. «Аюлар» отбасын мысалға ала отырып, балаларға сіріңкемен ойнау мен айтқанды тыңдамаудың қандай ауыр салдарға әкелуі мүмкін екені көрнекі түрде көрсетілді.

  Түркістан облысында ТЖД жаңа оқыту құралын автоматты өрт дабылының мобильді макетін таныстырды. Бұл датчиктердің іске қосылуынан бастап дыбыстық хабарлау жүйесінің қосылуына және эвакуациялау жолдарын көрсетуге дейінгі өрт кезінде жүйенің толық жұмыс алгоритмін көрсететін 3D-модель. Макет доңғалақты негізбен жабдықталған, бұл оны әртүрлі нысандарда оңай қолдануға мүмкіндік береді. #Өзіңненбаста челленджі аясында модель қазірдің өзінде персоналды оқыту және өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру үшін пайдаланылуда.

  Қызылорда облысында халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық қорғау саласының беделін арттыруға бағытталған бастама жүзеге асырылуда. ТЖД қызметкерлері жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған жаңа жобаны іске қосты. Жоба аясында қауіпсіздік шаралары, құтқару тәсілдері және құтқарушылардың жұмысы туралы ақпарат көрнекі түрде ұсынылған «Құтқарушылар аялдамасы» орнатылды.

  Мұндай бастамалар алдын алу мен оқытудың тек пайдалы ғана емес, қызықты бола алатынын да, ең бастысы азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға ықпал ететінін көрсетеді.