ТЖМ басшысы Алматы облысында жаңғыртылған «Кастек» сейсмостанциясын ашты

ТЖМ басшысы Алматы облысында жаңғыртылған «Кастек» сейсмостанциясын ашты

  Алматы облысы Жамбыл ауданы Қастек ауылының маңында «Кастек» кешенді сейсмологиялық станциясының жаңа модульдік ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен «Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің өкілдері қатысты.

  1976 жылы негізі қаланған және аттас ауылдан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде
орналасқан «Кастек» сейсмостанциясы Солтүстік Тянь-Шань аймағындағы сейсмикалық белсенділікті бақылауда маңызды нысан болып табылады. Жаңғырту аясында тәулік бойы ғылыми жұмыс жүргізуге және мамандардың тұруына қажетті барлық жағдаймен жабдықталған заманауи модульдік ғимарат салынды. Онда кеңсе үй-жайы, демалыс бөлмелері, тұрмыстық керек-жарақтары бар ас үй, сондай-ақ душ және санитарлық торап қарастырылған.

  Станция заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген, бұл бақылаулардың дәлдігін арттыруға және сейсмологиялық деректерді жедел жеткізуге мүмкіндік береді. Ашылу рәсімі барысында ТЖМ басшысы сейсмологиялық институт қызметкерлеріне станцияны күтіп ұстау және далалық зерттеулер жүргізу үшін арнайы автокөліктердің кілттерін табыс етті.

  Қазақстанның ТЖМ елдің сейсмалық қауіпті өңірлерінде сейсмологиялық нысандарды реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. «Қастек» станциясының ашылуы Алматы маңындағы екінші осындай жоба болып табылады, биыл қазан айында «Известковый» станциясының жаңғыртылуы аяқталған, бұл сейсмикалық қауіпсіздікті арттыруға және халықты қорғауға септігін тигізеді.