2025 жылғы 20-24 желтоқсан аралығында Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы, Беларусь және Ресей Федерациясы Төтенше ведомстволарының құрама командаларының қатысуымен шайбалы хоккейден халықаралық жолдастық матчтар өтеді. Қазақстандық делегация құрамында вице-министр Рамиль Камалов бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері бар.
Спорттық іс-шара үш мемлекеттің құтқару ведомстволары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, қызметтік-қолданбалы спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ салауатты өмір салты мен командалық өзара іс-қимыл құндылықтарын насихаттауға арналған маңызды алаңға айналады.
Қазақстан Республикасы ТЖМ құрама командасы матчтарға Қазақстандық құтқарушылар қорының қолдауымен қатысады. Қор спорттық бастамаларды дамытуға және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін қолдауға жүйелі негізде жәрдемдеседі. Мұндай қолдау мықты, ұйымшыл және бәсекеге қабілетті команда құруға ықпал етеді.
Batyr team командасының шайбалы хоккейден жолдастық матчтарға қатысуы дене шынықтыру мен кәсіптік даярлықтың жоғары деңгейін ғана емес, сонымен қатар командалық мінезді, жеңіске деген ерік-жігерді және халықаралық аренада тиімді өзара іс-қимылға дайындықты көрсетуге мүмкіндік береді. Хоккей кездесулері бірліктің, өзара сыйластықтың және құтқару ведомстволары арасындағы достық байланыстарды нығайтудың жарқын символына айналады.