Еліміздің түрлі өңірлеріндегі азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жыл қорытындысы бойынша беделді қоғамдық және кәсіби номинациялар жеңімпазы атанып, жоғары дайындық деңгейін, кәсібилігін және өз ісіне адалдығын көрсетті.
Батыс Қазақстан облысында «Жұмысшы мамандықтар жылы – 2025» аясында Орал қаласында жастардың үздік өкілдері анықталды. Орал қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Асланбек Хайруллин «Үздік құтқарушы» құрметті атағын иеленді. Бұл марапат оның қызметтік міндеттерін атқару барысында көрсеткен ерлігін, рух күшi мен жауапкершілігін мойындау болды.
Қызылорда облысында ТЖД Жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары, сүңгуір-құтқарушы халықаралық атағының иегері Мейрамбек Доспенбетов халықтың дауыс беру нәтижесінде жеңімпаз атанып, «Жыл қорғаушысы – Защитник года» атағын иеленді. Марапаттау рәсімі Қызылорда облысының Өнер орталығында өтті, онда түрлі саладағы үздік өкілдер марапатталды. Жеңімпазға арнайы мүсінше мен диплом табысталды. Лауреаттардың құрметіне республикалық белгілі өнерпаздар мен облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары қатысқан мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Абай облысында ТЖД қызметкері «Бүгінгі күннің қаһарманы» деп танылды. Семей қаласында қала әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты жыл сайынғы сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Семей қаласы ТЖ басқармасы азаматтық қорғау тобының аға офицері Темірлан Амантаев ең маңызды номинациялардың бірінің лауреаты атанды. Марапатты қала әкімі Әділет Қожанбаев табыстады. Бұл жеңіс оның кәсібилігін, жоғары жауапкершілігін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан күнделікті үлесін айқын дәлелдеді.
ТЖМ қызметкерлерінің жетістіктері жанқиярлық еңбек, тәуекелге дайындық пен адамдарға қызмет ету басты құндылықтар болып қалатын азаматтық қорғау саласындағы қызметтің беделін және маңызын көрсетеді.
.