Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында «Қыс мезгілінің өтуі туралы. Авариялық-құтқару жұмыстары. Ауа райы болжамы» тақырыбында брифинг өтті.
Спикер болып ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің басқарма бастығы Магомет Ахриев, Қазгидромет» РМК қысқа мерзімді ауа райы болжамдары басқармасының басшысы Ардак Кальменова, «ҚАЖсервис» ЖШС жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының басшысы Қанат Садуақасов сөз сөйледі.
Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында ТЖМ бұйрығымен 44 мыңнан астам адам және 14мыңнанастам бірлік техника бар күштерменқұралдартобыбекітілді, орталықмемлекеттікжәнежергіліктіатқарушыоргандардыңміндеттеріанықталды.
Ел өңірлерінде 1 681 жылыту пункті дайындалды. Сонымен қатар қолданыстағы 40трассалықмедициналық-құтқарупунктіжылыту пункттері ретіндепайдаланылатынболады.
Азаматтыққорғауқызметтерініңбасқаруоргандарының,күштеріменқұралдарыныңқысқыкезеңдегіТЖ-ғаден қоюға, уақтылы дайындығын бағалау үшін еліміздің барлық өңірлерінде «Қыс-2025» командалық–штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Қысқы кезеңнің басынан бастап (2025 жылғы 1 қараша) құтқару бөлімшелерімен қар құрсауынан 1137 адам, оның ішінде 129 бала құтқарылды және эвакуацияланды, 199 бірліктехника шығарылды.
ТЖМорталығыныңбазасында республикалықжеделштаб жұмыс істейді, осыған ұқсас штабтар еліміздің 17 өңірінде құрылған.
Қауіпті және дүлей метеорологиялық құбылыстар туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қыс мезгілінде сақтық шараларының сақталуы ақпараттандыру мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының түрлі форматтарын пайдалана отырып, түрлі алаңдарда (республикалық және өңірлік телеарналар, баспа БАҚ, интернет-арналар) жүзеге асырылады.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше ауқымды циклон ел аумағының басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды. Осыған байланысты қар жаууы мен бұрқасын сақталады, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ күтіледі, таулы аймақтарда бұрқасын болжанады. Республика бойынша жел екпінді соғып, жылдамдығы 15–20 м/с, жекелеген өңірлерде 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Сондай-ақ температуралық фонның өзгеруі күтіледі. Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 10–18 градустан 3–13 градусқа дейін жоғарылап аяз болады, күндіз 7–15 градустан 3– 5 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік және орталық өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы 7–15 градустан 12–23 градусқа дейін төмендеп, аяз болады, күндіз 5–15 градустан 13–18 градусқа дейін болады. Елдің шығысында түнде температура 8–16 –дан 15–25 градусқа дейін төмендеп, аяз болады, таулы аймақтарда 28 грудусқа дейін жетуі мүмкін, күндіз 2–10 грудстан 12–17 градусқа дейін аяз болады.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 3–11 градустан 5–15 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0–5 градусқа дейін жылынып, 0–5 градусқа дейін өзгеруі мүмкін.
Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа-райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады.
Ауа-райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы хабарламалар СМС-хабарламалар, интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы халыққа жеткізіледі.
Төтенше жағдайлар министрлігі халықтың назарын қысқы кезеңде әлі қатпаған мұзға шығу қаупі туралы ескертеді және су айдындарында болған кезде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ұсынады.