Қазақстанның ауылдық жерінде 108-ші ерікті өрт сөндіру пункті ашылды

Қазақстанның ауылдық жерінде 108-ші ерікті өрт сөндіру пункті ашылды

  Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Атасу ауылында ҚР ТЖМ-нің ауылдық елді мекендердегі өртке қарсы инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ерікті өртке қарсы құралымдардың жаңа пункті – 108-ші пункттің ашылуы өтті. Ашылу жергілікті атқарушы органдардың қолдауының және елімізде ерікті өртке қарсы құрылымдар желісін дамытуға бастамашы болған ҚР ТЖМ басшысы Шыңғыс Әріновтің жеке назарының арқасында мүмкін болды.

  Ғимарат жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынды және тәулік бойы қызмет атқаруға қажетті барлық жағдаймен жабдықталған: өрт сөндіру техникасына арналған бокс, демалыс бөлмесі, ас үй және тұрмыстық үй-жайлар бар. Жедел әрекет ету үшін өрт автоцистернасы, қарда жүретін көлік, квадроцикл, инженерлік техника және байланыс құралдары берілді, бұл кез келген жағдайда тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  Ашылу рәсіміне ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Руслан Қайрақбаев пен Жаңаарқа ауданының әкімі Қанат Қожықаев қатысты. ҚР ТЖМ өкілдері жеке құрамды жабдықтау, оқыту және әдістемелік сүйемелдеу бағытындағы ведомствоның белсенді қатысуы жергілікті жерлердегі ерікті өртке қарсы құралымдардың жоғары дайындық деңгейін қамтамасыз ететінін атап өтті.

  Жаңа пункт мыңнан астам тұрғыны бар 10 шақырымға дейінгі радиуста орналасқан екі елді мекеннің өртке қарсы қорғалуын қамтамасыз етіп, шақыртуларға әрекет ету уақытын едәуір қысқартады. Іс-шара барысында Байдалы би ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалжанов «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалімен марапатталды.