
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Большая Малышка ауылында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды.
««Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының арқасында біз ең шалғай елді мекендердің тұрғындарын қорғау үшін нақты жағдай жасап жатырмыз. Мұндай ерікті құралымдар – бұл тек техника мен жарақ емес, сондай-ақ өз азаматтарымызға көмекке келуге дайын адамдар. Біз өңірлердегі өрттен қорғау желісін одан әрі нығайтып, жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимылды күшейте береміз», – деп ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев атап өтті.
Өрт сөндіру пункті «Большемалышкинское» шаруа қожалығының базасында құрылып, толыққанды жұмыс істеу үшін барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Еріктілердің иелігінде жылы гараж (бокс), автономды сумен жабдықтау жүйесі, тұрмыстық үй-жайлар мен "Batyr Team" спорттық бұрышы бар. Ұтқырлық пен жедел әрекет етуді арттыру мақсатында бекетке ТЖД тарапынан АЦ-2,5-50 өрт автоцистернасы, УАЗ жедел автокөлігі, мотопомпа, ауа үрлегіш, аспалы бүріккіш, сондай-ақ жауынгерлік киімдер мен нысанды экипировка жиынтықтары берілді.
Бекет Березов ауылдық округіндегі бірден бес елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Онда 1351-ден астам адам тұрады, бұл төтенше жағдайларға әрекет ету уақытын едәуір қысқартып, өрттен келетін залалды барынша азайтады.
«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында биыл облыс аумағында Мерген, Ставрополка және Белое ауылдарында үш заманауи өрт сөндіру бекеті ашылып, олар 12 ауылдық елді мекеннің өртке қарсы қорғалуын қамтамасыз етуде. Сонымен қатар үш өрт сөндіру бекетінде реновация жұмыстары жүргізілді.