«Қазселденқорғау» ғылыми-инновациялық кеңесі сел мен көшкін қаупінен қорғау жүйесін дамыту басымдықтарын анықтады

«Қазселденқорғау» ғылыми-инновациялық кеңесі сел мен көшкін қаупінен қорғау жүйесін дамыту басымдықтарын анықтады

  Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» ММ ғылыми-инновациялық кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

  Кеңес жұмысына ТЖМ бөлімшелерінің басшылары мен сарапшылары, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының, жобалау және ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ЮНЕСКО өкілдерін қоса алғанда, халықаралық серіктестер қатысты.

  Кеңес селден, қар көшкіні және сырғымалардан қорғау жүйесінің стратегиялық дамуына бағытталған қызметтің басым бағыттарын ресми түрде бекітті, бұл заманауи сын-қатерлер мен климаттық өзгерістерді ескере отырып, табиғи апаттардан қорғау әдістерін жетілдіру; бейінді қызметке озық цифрлық технологияларды енгізу; табиғи қауіпті учаскелерге мониторинг және болжау тиімділігін арттыру.

  Отырыс барысында перспективалық жобаларды қарау туралы хаттама бекітіліп, жедел іске асырылуға тиіс басым ғылыми-техникалық міндеттердің тізбесі белгіленді.

  Отырысқа қатысушылар зияткерлік бақылау жүйелерін дамыту, селден қорғау процестерін кешенді цифрландыру және ведомство жұмысына халықаралық стандарттарды енгізу бойынша кезең кезеңімен іске асырылатын қадамдарды айқындады.

  Қатысушылар тәжірибе алмасып, өздерінің ғылыми-техникалық әзірлемелерін ресми түрде таныстырды. Қазақстан Республикасының таулы аймақтарында халықтың және маңызды инфрақұрылымның қауіпсіздігін арттыруға бағытталған бірлескен бастамалар бойынша нақты ұсыныстар енгізді.

  Ғылыми-инновациялық кеңес қабылданған шешімдерді «Қазселденқорғау» ММ-нің ғылыми-инновациялық әлеуетін нығайтудағы және табиғи төтенше жағдайлардан қорғаудың ұлттық жүйесін одан әрі дамытудағы маңызды кезең деп таныды. Кеңес жұмысы тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады.