ТЖМ-де ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс қызметкерлерінің жиын-семинары өтті

ТЖМ-де ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс қызметкерлерінің жиын-семинары өтті

  ТЖМ Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті аумақтық органдар мен мекемелердің ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшелері қызметкерлерінің үш күндік жиын-семинарын өткізді.

  Семинарға өңірлердің Төтенше жағдайлар департаменттерінің, Азаматтық қорғау академиясының, әскери бөлімдердің, «Қазселденқорғау» ММ және «Қазавиақұтқару» АҚ 42 қызметкері қатысты.

  Семинар қатысушылары жүйелік әкімшілендірудің, DMR стандартының цифрлық радиобайланыс желісін құрудың, IP-телефония ұйымдастыру мен келіссөздерді жазудың, командалық-штабтық машиналар мен жасанды интеллектісі бар ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланудың, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерінің, бюджеттік жоспарлаудың, халықты құлақтандыру жүйелерін құрудың, Mass Alert технологияларын және «112.KZ» мобильді қосымшаны енгізудің өзекті мәселелерін талқылады.

  Барлық сабақтар жабдықтар мен техниканың жаңа үлгілерін практикалық көрсетумен өтті.

  Бірінші күні ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығы базасында ТЖМ серверлеріне қосыла отырып сабақтар өткізілді. Гипервизор бағдарламасының жұмысы және виртуалды машиналарды, қорғаныш жүйеаралық экранды, цифрлық IP-АТС-ты құруды, аналогтық, цифрлық және IP желілерін жазуды қамтамасыз ететін телефон қоңырауларын жазу жүйесінің жұмысы айқын көрсетілді.

  Екінші күн цифрлық радио және спутниктік байланысты ұйымдастыру, командалық-штабтық машиналарды пайдалану, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарын енгізу және қолдану мәселелеріне арналды. Цифрлық радиобайланыс құралдарының заманауи үлгілері, жасанды интеллект функциясы мен базалық станциясы бар соңғы ұшқышсыз ұшу аппараттарының үлгілері, Iridium спутниктік терминалдары және ТЖМ жаңалығы Starlink спутниктік байланыс терминалдары көрсетілді. Сондай-ақ ТЖМ үшін әзірленген ұлттық стандарт бойынша дайындалған жаңа командалық-штабтық машина көрсетілді.

  Үшінші күн №23 жаңа өрт сөндіру бөліміне барудан және ЖИ-мен ұшқышсыз ұшақтарды қолдану бойынша практикалық сабақтар өткізуден басталды, одан кейін қатысушылар БКДҚ-112 жаңғыртылған залына барды. Кейін халықты құлақтандыруды ұйымдастыру және Mass Alert шұғыл құлақтандыру жүйесін енгізу мәселелері қаралды.

  Семинар соңында қатысушыларға естелік фотосуреттер, күнделіктер және қаралған тақырыптар бойынша анықтамалық материалдары бар флэш-жинақтағыштар табыс етілді.