
Қарағанды қаласында «Аманат» партиясының облыстық филиалы алаңында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған «Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік: сын-қатерлер, шешімдер, заңнама және инновациялар» тақырыбындағы конференция өтті.
Іс-шара салалық алаңға айналып, ағымдағы тәуекелдерді талқылауға, кәсіпорындар арасындағы тәжірибе алмасуға және өндірістегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдерді енгізуге мүмкіндік берді.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.Қ. Қалыков мен С.М. Пономарёв , уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, тау-кен өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындары, салалық қауымдастықтар, ғылыми-зерттеу институттары, сондай-ақ Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті қатысты.
Пленарлық бөлім барысында кәсіпорындардың тәуекелдерді мониторингтеудің автоматтандырылған жүйелерін енгізу, апаттардың алдын алудың озық әдістері, қауіпсіздікті басқаруды цифрландыру, сондай-ақ апаттар мен жазатайым оқиғалар қаупін төмендету үшін жасанды интеллект пен заманауи оқыту бағдарламаларын пайдалану жөніндегі баяндамалары тыңдалды. Ерекше назар инженер кадрларын даярлау, инновацияларды енгізу және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мәселелеріне аударылды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мемлекет, бизнес, ғылыми қауымдастық және оқу орталықтары арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі дамыту қажеттілігі атап өтілді.
Отырыс аяқталғаннан кейін конференцияға қатысушылар «Karaganda Komir» ЖШС Көмір департаментінің диспетчерлік орталығына барды.
Конференция қорытындысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласын нығайтуға, жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіруге және өнеркәсіптік қауіпсіздік шараларын сақтау мәдениетін арттыруға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.