
Шымкентке жұмыс сапары барысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов инвесторлардың қаржысы есебінен жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барды.
2025 жылдың маусым айынан бастап төрт қабатты ғимаратта оқу сыныптарында, душ бөлмелерінде, асханада, демалыс бөлмелерінде және қызметтік орынжайларда ішкі жөндеу және әрлеу жұмыстары жүргізілді, инженерлік желілер толық ауыстырылды, фасады жаңартылды. Бөлімше автоцистерналар мен автосатыларды қоса алғанда, заманауи өрт сөндіру техникасымен жабдықталды, жаңа workout-аймағы жасақталды.
2015 жылдан бері осы ғимаратта жұмыс істеп келе жатқан №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі Шымкент қаласының Абай және Қаратау аудандарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бөлімшеде 116 өрт сөндіруші-құтқарушы қызмет атқарады.