#ӨЗІҢНЕНБАСТА: ТЖМ өзінең бастайды!

#ӨЗІҢНЕНБАСТА: ТЖМ өзінең бастайды!

  Астанада Министрліктер үйінде шартты өртті сөндіру және адамдарды әкімшілік ғимараттан эвакуациялау бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Жаттығуға орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері, оның ішінде ТЖМ аппараты қатысты.

  Оқу-жаттығудың аңызына сәйкес, өрт қабаттардың бірінде болған. Өртке қарсы қызмет бөлімшелері шартты ошақты барлау және сөндіру бойынша іс-қимылдарды жедел пысықтады. Сонымен қатар, төтенше жағдай туындаған кезде іс-қимыл тәртібін пысықтаған қызметкерлерді оқыту эвакуациясы ұйымдастырылды.

  ТЖМ өрт қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға, жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған #Өзіңненбаста челленджін өткізуде. Министрліктер үйіндегі оқу эвакуациясы осы бастаманың бір бөлігі болды.

  Жеке мысал - қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың ең тиімді әдісі. ТЖМ қызметкерлері тұрақты жаттығулардың, хабардар болудың және әр адамның өрт кезінде әрекет етуге дайындығының маңыздылығын атап өтеді.

  ТЖМ азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін алдын алу іс-шараларын жүргізуді жалғастыруда.