Елімізде «Газбаллон» акциясы өтуде

Елімізде «Газбаллон» акциясы өтуде

  1 желтоқсаннан бастап ТЖМ ІІМ-мен бірлескен «Газбаллон» акциясы белсенді іске асырылуда. Сондай-ақ, оған мүдделі мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, БАҚ өкілдері мен волонтерлер де жұмылдырылды.

  Акцияның негізгі мақсаты – халықтың өрт қауіпсіздігіне және жалпы қауіпсіздігіне қатер төндіретін бұзушылықтарды дер кезінде анықтау.

  Жерасты паркингтерінде рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, ұйымдар мен көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары арасында жабық жерасты паркингтеріне автокөліктерді кіргізуге жол берілмейтіні жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ тұрмыстық газ баллондарын толтыруға жол бермеуге бағытталған газ құю станцияларында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

  Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылуда, оның ішінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының 1074-тармағына сәйкес, газбаллонды жабдығы бар автокөліктерді өзге мақсаттағы кіріктірілген немесе жапсарлас үй-жайларда, жабық типтегі паркингтер мен автотұрақтарда, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан үй-жайлар мен тұрақтарда орналастыруға қатаң тыйым салынады.

  Акция 5 желтоқсанға дейін жалғасады.