
2025 жылғы 3–5 желтоқсан аралығында Әзербайжан Республикасының Баку қаласында Өрт сөндіру-құтқару спорты жөніндегі Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясының XXVI Халықаралық конференциясы өтуде.
Конференция жұмысына өртке қарсы қызметтердің басшылары, сондай-ақ аталған федерацияға мүше 25 мемлекеттен ұлттық қауымдастықтар мен өрт-құтқару спорты федерацияларының өкілдері қатысуда. Олардың қатарында: Австрия, Әзербайжан, Бахрейн, Беларусь, Болгария, Камерун, Қытай, Чехия, Германия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Катар, Ресей, Сауд Арабиясы, Сербия, Словакия, Түркия, Тәжікстан, Өзбекстан және Вьетнам.
Конференция барысында Халықаралық спорт федерациясының қызметінің жұмысы мен оны әрі қарай дамыту мәселелері, халықаралық өзара іс-қимылдың перспективалары, сондай-ақ 2026 жылы өрт сөндіру-құтқару спортынан Әлем чемпионаттары мен халықаралық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу мәселелері қарастырылуда.
Аталған халықаралық іс-шарада Қазақстан Республикасын Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Камалов танытуда.
Қазақстан көп жылдар бойы халықаралық өрт сөндіру-құтқару спортында жетекші елдердің бірі болып табылады, әлемдік біріншіліктерде жоғары нәтижелер көрсетіп, әлемнің ең мықты командаларының қатарында тұрақты түрде көш бастап келеді. Жинақталған тәжірибенің, кәсібиліктің және жоғары дайындық стандарттарының арқасында Қазақстан Халықаралық спорт федерациясына мүше мемлекеттер арасында зор беделге ие.
ҚР ТЖМ бұл маңызды халықаралық іс-шараға қатысуы кәсіби байланыстарды нығайтуға, өртке қарсы қызмет саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ өрт сөндіру-құтқару спортының ел ішінде және халықаралық аренада дамуына ықпал етеді.