
Халық арасында өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, тұрмыстық өрттердің алдын алу, көміртегі тотығымен және табиғи газбен улану қаупін азайту, сондай-ақ жылыту маусымында өлім мен жарақаттануды болдырмау мақсатында елімізде ауқымды профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.
Ақтөбе облысының аумағында тұрғын үй секторында «Әр үйге қауіпсіздік» профилактикалық акциясы өткізілді. Оған ТЖД, полиция, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ, «Энергожүйе» ЖШС қызметкерлері, еріктілер мен БАҚ өкілдері қатысты. Аралау барысында 3568 үй зерттелді, 8342 тұрғынға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді, 35 улы газ датчигі орнатылды, 26 өрт сөндіргіш таратылды, 120 үй маңындағы аумақ тазартылды. Әлеуметтік осал отбасыларға, жатақханалар мен кемпингтерге ерекше назар аударылуда. Шетелдік студенттер үшін жеке нұсқамалар өткізілді. Науқан жылыту маусымының соңына дейін жалғасады.
ШҚО құтқарушылары мен полицейлері аймақ тұрғындарының қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған «Қауіпсіз үй» акциясы аясында күш біріктірді. Рейдтер барысында мамандар пештер мен электр аспаптарын пайдалану бойынша нұсқамалар жүргізді, өрт қаупі анықталған үйлерге улы газ датчиктерін орнатты, түтін мұржаларының, розеткалардың, электр сымдарының жай-күйіне назар аударды және профилактикалық жұмыстар жүргізді. Акция жылыту кезеңінде өрттер мен көміртегі тотығымен улану санын азайтуға бағытталған.
Новоямышево ауылында Павлодар облысы ТЖД мамандары жергілікті атқарушы органдар, полиция және білім беру өкілдерімен бірлесіп профилактикалық рейд жүргізді. Рейдпен 1700-ге жуық адам тұратын 420 үй қамтылды, пештердің көміртегі тотығы мен термобақылау деңгейін өлшеу жүргізілді, әлеуметтік осал санаттағы үйлерде көміртегі тотығы датчиктері орнатылды, түтін мұржаларын тазартуға көмек көрсетілді, 770 көміртегі тотығы датчигі орнатылды. Осыған ұқсас рейдтер бүкіл аймақ бойынша өтеді.
Шымкентте ТЖД қызметкерлері апта сайын өрт пен тұрмыстық ТЖ алдын алу бойынша іс-шаралар өткізеді. 500-ден астам үйге аралау жүргізіліп, 2500-ге жуық адам профилактикамен қамтылды, түтін мұржалары тазартылды, жадынамалар табыс етілді, әлеуметтік осал отбасыларға консультациялар жүргізілді, сымдардың оралуы, жанғыш материалдардың жанына жылыту құралдарын орналастыру, ақаулы розеткалар сынды жалпы бұзушылықтар анықталды. Жұмысқа газ техникалық қызметінің, Жастар ресурстық орталығының, QazaqGazAimaq өкілдері мен волонтерлер қатысты.
Бұл профилактикалық жұмыс жылыту кезеңі бойы жалғасатын болады.