Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің делегациясы министр генерал-майор Шыңғыс Әріновтың басшылығымен тәжірибе алмасу және жұмыс әдістерін зерделеу үшін Беларусь Республикасы ТЖМ негізгі бөлімшелеріне барды.
Борисовтың жанындағы Өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар мәселелері ғылыми-зерттеу институтында қазақстандық мамандарға Сынақ орталығының жұмысы көрсетілді. Делегация материалдарды, құрылыс конструкцияларын, инженерлік және электротехникалық жабдықтарды, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарын тексеру әдістерімен танысты. 1000-нан астам сынақ әдістері бойынша аккредиттелген зертханалардың мүмкіндіктері, сондай-ақ ЕАЭО бірыңғай тізіліміне кіретін сертификаттау жөніндегі органның жұмысы ұсынылды.
Министр Шыңғыс Әріновке Беларусь жауынгерлік киімдерінің үлгілері, оның ішінде салмағы 3,8 кг жиынтық және Қиыр Солтүстік жағдайында сынақтан өткен "Арктика" қорғаныс костюмі көрсетілді.
Қазақстан ТЖМ Азаматтық қорғау университетінде құтқарушыларды даярлау жүйесі көрсетілді. Жедел-тактикалық полигонда түтін, опырылып құлау және химиялық ластануды имитациялайтын оқу алаңдары, сондай-ақ заманауи техниканы практикалық қолдану көрсетілді.
Минскіде балаларға арналған Тіршілік қауіпсіздігі білім беру орталығында қазақстандық делегация төтенше жағдайларды модельдеуге арналған интерактивті алаңдармен және мультимедиялық және тәжірибеге бағдарланған тәсілдерді пайдалана отырып, халықты қауіпсіздік ережелеріне оқыту технологияларымен танысты.
Іс-шаралар қорытындысы бойынша министр Шыңғыс Әрінов Беларусь бөлімшелерін ұйымдастыру мен жарақтандырудың жоғары деңгейін, сондай-ақ құтқарушылар мен халықты даярлаудың білім беру және практикалық бағдарламаларының тиімділігін атап өтті. Тараптар өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғау саласында одан әрі ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға және озық технологияларды енгізуге дайын екендіктерін білдірді.