Төтенше жағдайлар вице-министрі Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасарымен жұмыс кездесуді өткізді

Төтенше жағдайлар вице-министрі Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасарымен жұмыс кездесуді өткізді

  Астанада Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Бас хатшысының орынбасары Мерей Мұқажанмен кездесті.

  Кездесу барысында тараптар өнеркәсіптік қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ ТМҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылды дамытуға қатысты көптеген мәселелерді талқылады.

  ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Мерей Мұқажан азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларды іске асыру жөніндегі Хатшылықтың жұмысы туралы хабардар етті. Ол осы саладағы ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

  Ерболат Садырбаев ТМҰ Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби деңгейін арттыру мақсатында ТМҰ серіктестерімен белсенді өзара іс-қимылға дайындығын атап өтті.

  Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың ағымдағы деңгейіне қанағаттанушылықтарын білдіріп, өнеркәсіптік қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.