Өңірлерде «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

Өңірлерде «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

  Қысқы тәуекелдердің алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің бірқатар өңірлерінде «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – басқару органдары мен азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі күштерінің қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру.

  Оқу-жаттығуға азаматтық қорғау құралымдары, жергілікті атқарушы органдар мен волонтерлер қатысты. Маусымдық төтенше жағдайлардың алдын алуға, жедел қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтауға, сондай-ақ температураның төмендеуі, жауын-шашын және шектеулі көріну жағдайларында ден қою алгоритмдерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.

  Жамбыл және Алматы облыстарының ТЖД бірлескен оқу-жаттығулары өткізілді. Алматы облысы Жамбыл ауданының аумағында екі өңірдің ТЖД қызметкерлері ЖКО, боран, көктайғақ және шалғайдағы елді мекендерге көмек көрсетуге байланысты шартты төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдарды пысықтады. Бөлімшелердің ауа райының күрт өзгеруі жағдайында әрекет етуге дайындығы бағаланды. Бірлескен оқу-жаттығу өңіраралық өзара іс-қимылды нығайтып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың тиімділігін арттырды.

  Қызылорда облысында техниканы қарау, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі өкілдерін жинау және жедел штабты жұмысын көрсетті.  «Қыс-2025» оқу-жаттығуына 1154 адам, 339 бірлік техника, 1 кинологиялық топ қатысты. Қысқы кезеңде «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» автожолында ЖКО кезінде оқу-жаттығудың практикалық кезеңдері ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу жоспары бойынша, жолаушылар автобусы жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Құтқарушылар зардап шеккендерді шығаруды, адамдарды жылы жерге эвакуациялауды, ыстық тамақпен қамтамасыз етуді және медициналық көмек көрсетуді пысықтады. Арал ауданындағы теміржол желісінде жаттығудың екінші практикалық кезеңі ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу жолаушылар пойызының вагонындағы өртті жоюды, жолаушыларды эвакуациялап, қауіпсіз жерге орналастыруды және медициналық көмекті ұйымдастыруды көздеді. Оқу-жаттығудың үшінші кезеңі боранды күні іздеу-құтқару жұмыстары болды. Сценарий бойынша мал тасымалдаумен айналысатын екі тұрғын далада қатты боранның салдарынан адасып кеткен. Құтқарушылар іздеу шараларын жүргізіп, зардап шеккендерді тауып, оларға көмек көрсетті.

  Оқу-жаттығулар азаматтық қорғау күштерінің қысқы кезеңдегі іс-қимылдарға дайындығын растады, ведомствоаралық және өңіраралық өзара іс-қимылды жақсартты және әртүрлі төтенше жағдайлардың салдарын жоюдың практикалық дағдыларын пысықтауға мүмкіндік берді.