
Астана қаласының ТЖД мобильді волонтерлер тобы 1 000 000 теңге көлеміндегі гранттық қаржыландырудың жеңімпазы атанды.
Волонтерлікті дамытуға арналған шағын гранттар байқауын Мәдениет және ақпарат министрлігі және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ұйымдастырды.
Бөлінген қаражат топтың ағымдағы қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою іс-шараларына волонтерлердің тиімді қатысуын арттыруға қажетті жабдықтарды сатып алуға бағытталды.
Грант аясында радиостанциялар, эмблемасы бар қорғағыш жилеттер, шамдар, дүрбі, қарда жүруге арналған аяқ киім және басқа да қажетті мүлік сатып алынды.
Айта кету керек, бұл жоба азаматтық қорғаныс жүйесінде алғаш рет жүзеге асырылып отыр және елордалық волонтерлердің төтенше жағдайларға дайындық деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.