Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында өңірлердегі рейдтер

Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында өңірлердегі рейдтер

  Өңірлерде жылыту кезеңінде өрттер мен көміртегі тотығымен уланудың алдын алуға бағытталған республикалық «Өрт қауіпсіздігі айлығы» жалғасуда. ТЖМ бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, коммуналдық қызметтердің және волонтерлік ұйымдардың қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал санаттарына ерекше назар аудара отырып, тұрғын үй секторында жүйелі профилактикалық іс-шаралар өткізуде.

  Акция басталғаннан бері Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері тұрғын үй секторын белсенді аралап, азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелері, жылыту аспаптарын дұрыс пайдалану және төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы хабардар етуде. Бүгінгі таңда 2085 көміртегі тотығы датчигі орнатылды, 56 үйдегі мұржалар тазартылды. Профилактикалық жұмыстың нәтижесінде өңірдегі өрттердің саны 10%-ға төмендеді.

  Тараз қаласының Қайнар тұрғын алабында Газ қызметі, электр желілері, еріктілер мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен рейдтік іс-шаралар өтті. Тұрғындарға жадынамалар табысталды, өрттің алдын алу бойынша түсіндірмелер жүргізілді, сондай-ақ улы газ датчиктері орнатылды. Өрттің алдын алу және тұрмыстық қауіпсіздікті арттыру жұмыстары жалғасатын болады.

  Қарағанды облысында тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыстар күшейтілуде. Жылыту маусымы басталғаннан бері 70 өрт тіркелді. Рейд барысында көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үйлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Олардың үйлерінде шамамен 4500 өрт датчиктары бар, бұл тәуекелдерді айтарлықтай азайтады және қауіпті жағдайларды уақтылы анықтауға мүмкіндік береді. Қарағанды қаласының Курьяновка шағын ауданында ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп кезекті профилактикалық рейдтер өткізді. Аралау барысында жекелеген отбасыларға көміртегі тотығы датчиктері орнатылды.

  Петропавл қаласының Кожевенный зауытында әкімдік пен ТЖД қызметкерлері еріктілермен бірлесіп өрт қауіпсіздігі бойынша рейд жүргізді. Тұрғындарға өрт кезіндегі тәртіп ережелері түсіндірілді, көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларға практикалық көмек көрсетілді, пеш құбырлары тазаланды және көміртегі тотығы датчиктері орнатылды.

  Түркістан облысы ТЖД рейдтік топтары тұрғын үйлерде түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Мамандар азаматтарға пеш пен электр жылытуды қауіпсіз пайдалану, өрттің жалпы себептері, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер туралы айтып, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.

  Шымкент қаласында акция аясында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді: 15 537 жеке үй қамтылды, 1 073 отбасы қайта тексерілді. 100 газ анализаторы орнатылды, 40-тан астам үйде мұржалар тазартылды. Мектептерде тұрғындармен 154 жиналыс және 49 интерактивті сабақ өткізілді. Кезекті іс-шара Қайнарбұлақ тұрғын алабында өтті, онда тұрғындарға мұржаларды үнемі тазалау және пешті жылытуды дұрыс пайдалану қажеттігі туралы еске салынды. Қосымша газ анализаторлары мен желдету құрылғылары орнатылды, мұржаларды арнайы жабдықтың көмегімен тазалау жұмыстары жүргізілді.

  ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, тұрмыста жауапкершілік танытуға және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға шақырады. Барлық алдын алу шаралары жылыту маусымы аяқталғанға дейін жалғасатын болады.