Тұщықұдық ауылында жаңа ерікті өрт сөндіру бекеті жұмысын бастады

Тұщықұдық ауылында жаңа ерікті өрт сөндіру бекеті жұмысын бастады

  Маңғыстау облысының Тұщықұдық ауылында жаңа ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды. Іске қосу рәсіміне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

  Бекет ауылдық жерлерде ерікті бөлімшелер желісін дамытуға және қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында құрылды. Министр ауылдарда төтенше жағдайларға ден қою жүйесін нығайту ведомствоның басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

  Нысан жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлердің қолдауымен салынды. Министрлік өрт сөндіру бекетіне өрт сөндіру техникасын, рацияларды және авариялық-құтқару жабдығымен жарақталған автокөлікті тапсырды.

  Бекеттің іске қосылуы Тұщықұдық тұрғындарының, сондай-ақ халқы 3,5 мыңнан асатын көршілес Шебір және Қияқты ауылдарының қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайларға ден қою уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.