Құрықтағы жаңа ТЖ нысаны: бизнес пен мемлекеттің қолдауы

Құрықтағы жаңа ТЖ нысаны: бизнес пен мемлекеттің қолдауы

  Маңғыстау облысының Құрық ауылында демеушілердің, бизнес пен мемлекеттің қатысуымен салынған алғашқы төтенше жағдайлар бөлімінің әкімшілік ғимараты ашылды.

  Ашылу рәсіміне ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, департамент басшылары мен ТЖ бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

  ТЖМ басшысы азаматтық қорғау жүйесін дамыту инфрақұрылымды жаңартуды қажет ететінін атап өтіп, жобаны іске асыруға қолдау көрсеткен бизнестің маңызды рөлін ерекше атап өтті.

  Құрылыстың бой көтеруіне үлес қосқан демеушілер мен қызметкерлер ведомстволық медальдармен марапатталды.

  Ауданы 288 шаршы метр ғимарат заманауи талаптарға сәйкес салынған: мұнда жеке құрамға арналған кабинеттер, мәжіліс залы және азаматтарды қабылдау бөлмесі көзделген. Аумақ абаттандырылып, қызметтік көліктер үшін арнайы жабдықталған.

  Жаңа нысан ауданның инфрақұрылымын нығайтып, азаматтық қорғау қызметінің тиімділігін және шамамен 39 мың тұрғынға қызмет көрсету сапасын арттырады.