Шымкентте Қазақстан ТЖМ үшінші L-410 ұшағы қарсы алынды

Шымкентте Қазақстан ТЖМ үшінші L-410 ұшағы қарсы алынды

  Шымкент халықаралық әуежайында жаңа L-410 көп мақсатты әуе кемесін қабылдау рәсімі өтті. Бұл әуе кемесі ТЖМ жаңартылып жатқан авиациялық паркіндегі үшінші ұшақ және Өнеркәсіпті дамыту қорының қаржылай қолдауымен сатып алынды.

  Шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берік Беркімбаев, ТЖД бастығы Қуанар Базарбаев, «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры Алпамыс Камалов қатысты.

  Жаңа әуе техникасының Шымкентке орналастырылуы — маңызды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік нысандар шоғырланған ірі стратегиялық орталық үшін ерекше маңызға ие.

  Алпамыс Камалов авиациялық парктің жаңартылуы құтқару бөлімшелерінің мүмкіндіктерін арттыруға, әрекет ету уақытын қысқартуға және оңтүстік өңірдің жедел қызметтерінің мобильдігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті. Ол бұл жұмыс ТЖМ басшысының қолдауы мен авиация саласын дамытуға көрсеткен ерекше назардың арқасында мүмкін болғанын айтты.

  Жаңа L-410 ұшағы 19 жолаушыға дейін немесе 1800 кг. дейін жүк тасымалдауға қабілетті, дайындалмаған алаңдарға қонуға мүмкіндік береді және –50-ден +50 °C-қа дейінгі кең температуралық диапазонда жұмыс істей алады. Бұл сипаттамалар оны қиын қолжетімді аймақтарда және қатал климат жағдайында пайдалануға тиімді етеді. Ұшақ санитарлық авиация міндеттерін орындау үшін де қолданылуы мүмкін. Бортта ауыр науқастарды тасымалдауға арналған заманауи зембілдер мен жабдық орнатылған, қажет болған жағдайда әуе кемесін қосымша медициналық техникамен жабдықтауға болады.