
2025 жылғы 21 қарашада сағат 11.00-де Төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті атқарушы органдар және полиция қызметкерлерімен, волонтерлермен бірлесіп Астана қаласының тұрғын секторында профилактикалық рейд өткізеді.
Профилактикалық іс-шара барысында азаматтарға жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндіріліп, датчиктер орнатылады және нұсқаулар жүргізіледі.
Жиналу орны: Астана қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 4, № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі.
Аккредиттеу мен жиналу орны мәселелері бойынша
ТЖМ және Астана қ. ТЖД баспасөз қызметтеріне
8 777 115 38 84, 8 702 259 30 66, 8 776 166 21 66 телефондарына хабарласыңыздар