
Еліміздің өңірлерінде «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізілуде. Биылғы жылы акция халықпен өзара іс-қимылдың жаңа идеялары мен заманауи нысандарын біріктіре отырып, жаңартылған форматта өтуде. Бұл жұмысқа әкімдіктер, волонтерлер, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық бірлестіктер тартылған. Білім беру мекемелеріне, адамдар көп жиналатын объектілерге және тұрғын үй секторына ерекше көңіл бөлінеді.
Балабақшалар мен мектептерде тақырыптық сабақтар, ертеңгіліктер, интерактивті сабақтар ақпарат берудің жаңа форматын қолдана отырып, тәжірибе, ойындарды қамтитын белсенді іс-әрекеттер арқылы, оның ішінде баланы өрт сөндірушілердің жұмысымен, техникамен және жабдықтармен жеке таныстыру арқылы өткізіледі.
Мәселен елордада Ә. Мәмбетов атындағы театрда «Қауіпсіз болашақ» балалар қойылымының премьерасы өтті. Балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы қызықты және қолжетімді түрде айтылды. Сондай-ақ интерактивті шағын көрме дайындалды: балалар өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін киіп көрді, өрт сөндіргіш құрылғысымен танысты және т.б. осындай жұмыс қараша айының соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде жүргізілетін болады.
Инклюзивті компонент мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жадынамалар әзірленді, соның ішінде Брайль нұсқаларымен айлықтың жаңа тұжырымдамасының бөлігі болды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының 108 мың тұрғын үйі, сондай-ақ 225 мыңнан астам көпбалалы отбасы ерекше бақылауда, оларға жылыту және электр жүйелерін жарамды күйге келтіруге көмек көрсетіледі, түтін мұржаларын күйеден тазарту және басқа да жұмыс түрлері жүргізіледі.
Үйлерді аралау барысында барлығы 23 мыңнан астам үй өртке қауіпсіз жағдайға келтірілді. 26 мың үй газ бен жану өнімдерінің қауіпті шоғырлануының датчиктерімен қамтамасыз етілді.
Бұдан басқа үй басқарушы ұйымдардың басшыларымен белсенді өзара іс-қимыл жүргізілуде, тұрғын алаптарда және үй маңындағы аумақтарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар түсіндіріледі. Бүгінгі таңда 800 мыңнан астам адам консультативтік көмек алды.
ТЖМ еске салады: әркім өз үйін қауіпсіз ете алады. Ол үшін өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау қажет:
- тек жұмыс істейтін пештер мен электр құрылғыларын пайдаланыңыз;
- пештерді, электр және газ жабдықтарын жөндеуге және орнатуға тек білікті мамандарға сеніңіз;
- пештердің қызып кетуіне және электр желілерінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеңіз;
- мұржаны күйеден уақтылы тазалаңыз;
- пештер мен электр құрылғыларының ақаулықтарын үнемі тексеріп отырыңыз;
- пешті жағуға балаларға тапсырмаңыз;
- сіріңкелер мен тұтандырғыштарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз.