Қазақстан Республикасы ТЖМ өкілдерінің Германия Федеративтік Республикасы Елшілігінің делегациясымен кездесуі

Қазақстан Республикасы ТЖМ өкілдерінің Германия Федеративтік Республикасы Елшілігінің делегациясымен кездесуі

  Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінде Германия Федеративтік Республикасы Төтенше және Өкілетті Елшісінің тұрақты орынбасары, қауіпсіздік мәселелері жөніндегі уәкіл Ульрих Кинне мырза бастаған Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасы Елшілігінің делегациясымен кездесу өтті.

  Сапардың мақсаты  министрліктің қызметімен танысу, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда елшілік қызметкерлері мен Қазақстан Республикасының аумағындағы Германия Федеративтік Республикасы азаматтарының іс-қимыл алгоритмін талқылау және т.б.

  Кездесуді аша отырып, Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев: «Төтенше жағдайлар министрлігі шетелдік әріптестермен сындарлы диалог пен іс жүзіндегі өзара ынтымақтастыққа әрдайым ашық. Біз азаматтық қорғау саласындағы өзара түсіністік пен кәсіби тәжірибе алмасуға негізделген Германия Федеративтік Республикасымен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз», - деп атап өтті.

  Тараптар 2010 жылы қол қойылған Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық ішкі істер министрлігі арасындағы Өзара ниет туралы бірлескен декларацияны іске асыруға бейілділігін растады және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.