
ТЖМ құтқарушылары жүргізушілерге қыс мезгілінде жолдардағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін көлікті суық кезеңге уақытылы дайындау қажеттігін ескертеді.
Елді мекеннен тыс сапарға шықпас бұрын ауа райы болжамымен танысып, қажет болған жағдайда маршрутты түзету маңызды. Дауылды ескерту жариялаған кезде құтқарушылар ұзақ сапарлардан бас тартуға және елді мекендерден шұғыл қажеттіліксіз кетпеуге кеңес береді.
Жүксалғышта күтпеген жағдайларда көмектесетін қажетті қыстық жинақты ұстаған жөн: күрек, сүйреу арқаны, жылы киім мен көрпе, шам және қосымша батареялар, алғашқы медициналық көмек жинағы.
Қыс басталғанға дейін көлікті толық техникалық қызметтен өткізу, жазғы шиналарды қысқыға ауыстыру ұсынылады.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда оқиға туралы біріңғай құтқару қызметінің нөмірі 112 арқылы дереу хабарлау қажет.