
Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласында қызмет атқаратын волонтерлерді тарту мен оқыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.
Биылғы жылдың қазан айында ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің базасында волонтерлердің өңірлік форумдары өтті, оған еліміздің әртүрлі өңірлерінен 339 адамды қамтыған 78 команда қатысты.
Форумдарды өткізудің негізгі мақсаты азаматтардың жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы әрі жауапты көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған немесе қауіп төнген кезде волонтерлердің іс-қимылға дайындығын арттыру.
Форум негізгі бағыттар бойынша жарыстар мен оқыту тренингтері форматында өтті:
өрт сөндіру эстафетасы – қатысушылар жауынгерлік қанат жаю элементтерін орындады, шартты зардап шеккен адамды тасымалдады, құтқару жабдығымен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті;
алғашқы медициналық көмек көрсету – командалар жүрек–өкпе реанимациясын жүргізу, қан кетуді тоқтату, зардап шеккен адамдарды тасымалдау және оқиға орнында қауіпсіз аймақ ұйымдастыру бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.
Жарыс бөлімінен басқа форум аясында волонтерлер, ТЖМ бөлімшелерінің қызметкерлері арасында тәжірибе алмасуға бағытталған оқыту алаңдары мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.
Форум қорытындысы бойынша жоғары деңгейде теориялық және практикалық дайындық көрсеткен үздік командалар анықталды. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Форумды осындай форматта өткізу қатысушылардан оң пікірлер алды, волонтерлер мен ТЖ қызметтері арасындағы өзара әрекетті нығайтуға, экстремалды жағдайдағы іс-қимылға дайындық деңгейін арттыруға, сондай-ақ төтенше жағдайларда көмекке келуге дайын азаматтардың ұйымшыл қоғамдастығын қалыптастыруға ықпал етті.