Қазақстан құрамасы өрт сөндіру-құтқару спортынан әлем чемпионатының үшінші кезеңінде

Қазақстан құрамасы өрт сөндіру-құтқару спортынан әлем чемпионатының үшінші кезеңінде

  Бүгін Сауд Арабиясы Корольдігінің Эр-Рияд қаласында өрт-құтқару спортынан өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші кезеңі «Өрт сөндіру эстафетасы 4×100 метр» жаттығуы аяқталды.

  Қызу дода нәтижесінде Қазақстан Республикасының ерлер құрама командасы 6-орынға, ал әйелдер ұлттық құрамасы 4-орынды иеленді.

  Бұл нәтиже жүйелі дайындықтың, командалық бірліктің және қазақстандық спортшылардың табандылығы мен еңбегінің көрінісі. Чемпионатта бәсекелестік деңгейі өте жоғары: әрбір жүзден бір секунд шешуші рөл атқаруы мүмкін.

  Алда әлем біріншілігінің қорытынды және шешуші күні «Жауынгерлік қанат жаю» жаттығуы өтеді. Дәл осы кезеңде жүлделі орындардың нәтижесі анықталып, әлем чемпионатының қорытындысы шығарылады.

  Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы жоғары кәсібилікті және өрт-құтқару ісіне адалдықты таныта отырып, өз өнерін жалғастыруда.