
Венада (Австрия) ЕҚЫҰ экономикалық-экологиялық өлшемін (EEDIM 2025) іске асыру жөніндегі кездесу аяқталды, оның шеңберінде табиғи апаттар қаупін азайту және қатысушы мемлекеттердің тұрақтылығын нығайту мәселелері талқыланды.
Іс-шараға Қазақстаннан ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы азаматтық қорғау полковнигі Серік Жүнісбеков қатысты, ол төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында тәжірибе алмасты, сондай-ақ табиғи зілзалалар тәуекелдерін басқару саласындағы үздік халықаралық тәжірибемен танысты.
Іс-шараны ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық қызмет үйлестіруші кеңсесі ұйымдастырды. Отырысқа ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер мен әріптес елдердің, халықаралық ұйымдардың, ғылыми топтардың және азаматтық қоғамның өкілдері қатысты.
Төтенше жағдайлардың алдын алу, климаттың өзгеруіне бейімделу және халықтың қауіпсіздігін арттыру үшін инновациялық технологияларды енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
EEDIM 2025 кездесуі табиғи және техногендік қауіп-қатерлерге қарсы тұрақтылықты нығайту үшін мемлекеттердің бірлескен іс-қимылдарының маңыздылығын тағы да атап өтті.