Шығыс Қазақстанда қар көшкінін ерте ескерту жүйесі енгізілуде

Шығыс Қазақстанда қар көшкінін ерте ескерту жүйесі енгізілуде

  Өңірде қар көшкініне мониторинг жүргізу және ерте ескерту жүйесін құру жобасын іске асыру жалғасуда. Бастаманың мақсаты халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыру және таулы аймақтардағы инфрақұрылым объектілерін табиғи қауіп-қатерден қорғау.

  Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің, ШҚО ТЖД және «Қазселденқорғау» РММ филиалы өкілдерінің жұмыс кездесуінде пилоттық жобаның аралық қорытындысы шығарылды. Қатысушылар сынақтардың нәтижелерін талқылады, атқарылып жатқан жұмыстардың ағымдағы жағдайы туралы презентация жасап, нақты уақыт режимінде ахуалдық орталықтың жұмысын көрсетті.

  «Жобаны енгізу қар көшкінін ерте ескерту арқылы халықтың және таулы аймақтардағы инфрақұрылымның қауіпсіздік деңгейін арттыруға, сондай-ақ төтенше жағдай қызметтерінің іс-қимылын үйлестіруді жақсартуға мүмкіндік береді», — деді ШҚО ТЖД орынбасары Амангелді Еңсегенов.

  Пилоттық жоба 2023 жылы басталды. Автомобиль жолдары мен елді мекендерге қауіп төндіретін ең қауіпті учаскелер аспалы датчиктері бар діңгектермен жабдықталған. Олар Глубокое ауданының Таулы Үлбі ауданында, Алтай ауданының Зубовск кентінің жанында және Тайнты учаскесінде (96 км) орнатылған.

  Датчиктер жауын-шашынның мөлшерін, топырақтың ылғалдылығы мен құрамын, сондай-ақ ауаның орташа температурасын тіркейді. Алынған деректер автоматты түрде ахуалдық орталыққа түседі, онда бағдарламалық қамтамасыз ету ақпаратты талдап, қар көшкінінің ықтимал уақытына дейін қауіп-қатер деңгейін есептейді.

  2024-2025 жылдардағы қысқы маусымдағы сынақ қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаменті және «Қазселденқорғау» ММ жобаны тәжірибелік пайдалануға қабылдады. Жүйені төтенше жағдайлар мониторингінің өңірлік бағдарламасы шеңберінде одан әрі масштабтау ұсынылды.

  Жобаны іске асыру табиғи қауіп-қатерлерді алдын ала ескерту кешенді жүйесін қалыптастыруға, қызметтердің ден қою тиімділігін арттыруға және Шығыс Қазақстандағы қар көшкіндерінің салдарларын азайтуға мүмкіндік береді.