Қазақстандық құтқарушылар өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатында үздіктер қатарында

Қазақстандық құтқарушылар өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатында үздіктер қатарында

  Эр-Рияд қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан ерлер арасындағы XX және әйелдер арасындағы XI әлем чемпионаттары басталды. Бұл жарыстарға әлемнің 20 елінен 14 ерлер және 6 әйелдер құрама командасы қатысуда.

  Бірінші күні ерлер мен әйелдер шабуыл сатысымен көтерілуден сынға түсті. Жарыс алғашқы минуттардан-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең мықты спортшылар арасында қызу тартыспен басталды.

  Оқу мұнарасының төртінші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу бойынша ерлер арасында командалық есептегі жүлдегерлер:

  1-орын - Ресей Федерациясы (77,43 сек)

  2-орын - Беларусь Республикасы (80,48 сек)

  3-орын – Қазақстан Республикасы (83,15 сек)

  Оқу мұнарасының екінші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу бойынша әйелдер арасында командалық есептегі жүлдегерлер:

  1-орын - Ресей Федерациясы (42,05 сек)

  2-орын - Беларусь Республикасы (42,61 сек)

  3-орын - Қазақстан Республикасы (44,89 сек)

  Жарыстарға Қазақстан ТЖМ ұлттық құрама командалары барлық сайыс түрлері бойынша қатысуда: шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру, 4×100 метрлік өрт сөндіру эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю.

  Чемпионат 2025 жылғы 28–31 қазан аралығында өтеді. Ертең жарыстар 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру кезеңімен жалғасады.