
2025 жылғы 28-31 қазан аралығында Сауд Арабиясы Корольдігінің Эр-Рияд қаласында ерлер арасында XX және әйелдер арасында XI өрт-құтқару спортынан әлем чемпионаты өтуде.
Жарысқа Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұлттық құрамалары қатысуда. Әлем чемпионатына 20-дан астам елдің үздік спортшылары қатысуда. Олардың қатарында: Австрия Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Камерун Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Сауд Арабиясы Корольдігі, Өзбекстан Республикасы және басқа да мемлекеттер бар.
Қазақстандық спортшылар чемпионаттың барлық түрлерінде бақ сынайды: шабуыл сатымен көтерілу, 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру, 4×100 метр өрт эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю.
Өрт-құтқару спорты – бұл тек күш пен төзімділіктің сынағы ғана емес, сонымен қатар кәсіби шеберлікті, дәлдікті және команда бірлігін көрсететін спорт түрі. Қазақстан ТЖМ ұлттық құрамалары әлем чемпионаттарында тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып келеді.