
Бүгінгі таңда жер сілкінісін алдын ала дәл болжау мүмкін емес. Сондықтан оған дайын болу және дұрыс әрекет ету өте маңызды.
Жер сілкінісіне дайын болу үшін алдын ала төтенше жағдай чемоданын жинап, жақын маңдағы эвакуациялық пункттерді біліп алыңыз.
Егер дүмпулер кезінде сіз ғимарат ішінде болсаңыз:
— Терезелерден, жиһаздар мен шамдардан аулақ болыңыз.
— Есіктің жақтауында немесе негізгі қабырға бұрышында тұрыңыз.
— Ешқашан лифтті пайдаланбаңыз.
Дүмпулер тоқтаған соң ғимараттан баспалдақ арқылы шығыңыз.
Мүмкін болса, электр қуатын, газды және суды өшіріңіз.
Өзіңізбен бірге алдын ала жинаған тревожный чемоданды алыңыз.
Сыртта болсаңыз, ашық жерде тұрыңыз және қайталама дүмпулерге дайын болыңыз.
Ең бастысы — айналаңыздағы адамдарға көмектесіңіз:
балаларға, қарттарға және көмекке мұқтаж жандарға.