ТЖМ 20 құтқарушысы Республика күніне орай мемлекеттік наградалармен наградталды

ТЖМ 20 құтқарушысы Республика күніне орай мемлекеттік наградалармен наградталды

  Төтенше жағдайлар министрлігінде ұлттық мереке – Республика күнін мерекелеуге және егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай салтанатты жиналыс өтті.

  Төтенше жағдайлар министрі генерал- лейтенант Шыңғыс Әрінов қызметкерлерді құттықтады. Өз сөзінде ол Республика күні мемлекеттің қалыптасуы мен даму тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылатынын атап өтті.

  «Біздің қызметкерлер өздерінің кәсіби қызметтері мен адал еңбектерінің арқасында мемлекеттің беріктігі және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Министрлік бүгінде саланы жаңғырту бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Президенттің тікелей қолдауының арқасында құтқарушылардың әлеуметтік жағдайы, материалдық-техникалық база айтарлықтай жақсарды. Біздің басты міндетіміз көрсетілген сенімді ақтап, осы жұмыс қарқынын бәсеңдетпей, азаматтардың қауіпсіздігі жолындағы қызметті одан әрі жетілдіріп, жаңа деңгейге көтеру. Өйткені елді төтенше жағдайлар мен апаттардан қорғау, әрбір адамның өмірін сақтау біздің кәсібилігіміз бен жауапкершілігімізге тікелей байланысты», - деді ведомство басшысы.

  Салтанатты шара аясында ТЖ министрлігінің 20 қызметкері мемлекеттік наградалармен наградталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ерлігі, жанқиярлығы және мінсіз қызметі үшін құтқарушылар ордендермен және медальдармен наградталды.

  Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі Айбын орденімен:

- Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығы Жомарт Асқаров;

- Атырау облысы ТЖД бастығы Нұрлан Жаңабаев;

- Қарағанды облысы ТЖД мамандандырылған жасағы бастығының көмекшісі Қуат Зейнуллин.

  Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі Айбын орденімен:

- БҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімінің командирі Сұңғат Ақкереев;

- Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Азамат Бердіғалиев;

- Ақмола облысы ТЖД мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі Ерқанат Шахманов.

  «Құрмет» орденімен Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің бас сарапшысы Саин Дәулетов.

  «Ерлігі үшін» медалімен:

- Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Ермек Байтеміров;

- Алматы қаласы ТЖД мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Қажыгелді Бералиев;

- Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру бөлімінің бастығы Айдос Зиябек;

- Қызылорда облысы ТЖД мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Қуанышбек Жаңабаев;

- ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімінің командирі Ринат Жылқышинов;

- Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру бөлімінің командирі Арман Қалиақпар;

- СҚО ТЖД мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі Эрнэс Мұхаметалин;

- Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесінің басшысы Айдос Мұхаметжанов;

- Жамбыл облысы ТЖД Тараз қаласы ТЖД бастығының орынбасары Арман Сартаев;

- Астана қаласы ТЖД мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі Елдос Сүлейменов;

- Ұлытау облысы ТЖД Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Бексұлтан Төлеутай;

- Шымкент қаласы ТЖД мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Бекжан Өркенбаев.

  «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінің бөлім командирі-сүңгуірі Азамат Молдашев.

  Сонымен қатар мінсіз қызметі мен мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан зор үлесі үшін Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы Нұрмағамбет Ештаев «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен наградталды.

  Сонымен қатар бірқатар БАҚ өкілдері ведомстволық наградалармен наградталды.

   Министр наградталғандарға жоғары кәсібилігі, табандылығы және өз ісіне адалдығы үшін алғыс айтып, оларға зор денсаулық, амандық және еліміздің игілігі үшін қызметте одан әрі табыс тіледі.