Қазақстан ТЖМ делегациясы Корея Республикасының шұғыл ден қою жүйесімен танысты

Қазақстан ТЖМ делегациясы Корея Республикасының шұғыл ден қою жүйесімен танысты

  Вице-министр Батырбек Әбдішев бастаған ТЖМ делегациясы Кореяның шұғыл ден қою, төтенше жағдайларды басқару, сондай-ақ инновациялық технологияларды енгізу саласындағы озық тәжірибесін зерделеу мақсатында Инчхон қаласына (Корея Республикасы) барды.

  Жұмыс сапары барысында қазақстандық делегация Оңтүстік Кореяның бірқатар жетекші Wooribyul, Preneu және Victek компанияларына барып, олардың қызметімен және азаматтық қорғау саласындағы заманауи технологиялық шешімдерімен танысты.

  ТЖМ өкілдері командалық ахуал орталығына, өрт сөндіру бөліміне және Wooribyul Co., Ltd. зауытына барған кезде мемлекеттік құрылымдарға арналған шұғыл ден қою қызметтері мен коммуникациялық жабдықтар үшін интеграцияланған шешімдер жүйесімен танысты.

  Preneu Co., Ltd. компаниясының басшылығымен кездесу аясында қазақстандық компания арасында бірлескен кәсіпорын құру аясындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Preneu ұшқышсыз ұшу аппараттарын, сондай-ақ оларды пайдалану мен басқаруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге және өндіруге маманданған.

  Сонымен қатар ТЖМ өкілдері радиоэлектрондық күрес жүйелері, сигналдарды өңдеу және басқару саласындағы маманданған Victek компаниясымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Компания қорғаныс және азаматтық салаларда бірқатар ірі инновациялық жобаларды жүзеге асыруда.

  Іскерлік кездесулерден басқа, қазақстандық делегация Seoul ADEX 2025 ірі халықаралық аэроғарыш және қорғаныс көрмесіне қатысты, онда қорғаныс, ғарыш, сондай-ақ авариялық-құтқару, өрт технологиялары саласындағы соңғы жетістіктер ұсынылды.

  Алынған тәжірибені Қазақстандағы төтенше жағдайларға ден қоюдың ұлттық жүйесін одан әрі жаңғырту кезінде пайдалану жоспарлануда.