Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Камаловтың төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның кезекті жоспарлы отырысы өтті.
Отырыс офлайн және бейнеконференциялық байланыс арқылы гибридті форматта өтті. Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, аумақтық төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары, сондай-ақ ТЖМ басшылары мен лауазымды тұлғалары қатысты.
Отырыс барысында 2025–2026 жылдардың қысқы кезеңі мен 2026 жылғы су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларға арналған мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесін дайындау мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Төтенше жағдайлар, Энергетика, Көлік, Су ресурстары және ирригация министрліктерінің лауазымды тұлғалары сөз сөйледі, сондай-ақ елдің бірнеше өңірінің әкім орынбасарлары тыңдалды.
Отырыс барысында электр энергетикасы және жылу энергетикасы нысандарының, автокөлік жолдарының қысқы кезеңге дайындық мәселелері, сондай-ақ су тасқынына қарсы шараларды жүзеге асыру және азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылы талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға халықтың және ел аумағының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірленді.