
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің атына кәсіби мереке Құтқарушы күні мен Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай шетелдік әріптес басшылардан көптеген құттықтау хаттар және жеделхаттар келіп түсті.
Құттықтау жолдағандар қазақстандық құтқарушылардың жоғары кәсіби шеберлігін, жанқиярлығын және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне адалдығын ерекше атап өтті. Төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ еліміздегі азаматтық қорғау жүйесін дамыту ісіндегі маңызды рөлі де атап өтілді.
Жыл сайын 19 қазанда атап өтілетін Құтқарушы күні ең қиын сәттерде бірінші болып көмекке келетін жандардың ерлігі мен жанқиярлығының, абыройы мен адалдығының символына айналды. Биыл бұл мереке Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдық мерейтойына орай ерекше рухта өтті.