Биыл Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде ведомство өзінің құрылымын нығайтып, кәсіби дәстүрлерін қалыптастырды. Ең бастысы – адам өмірін құтқаруды қасиетті міндет санайтын нағыз қаһармандар ұрпағы тәрбиеленуде.
Батырлық дәстүрлерді жалғастырып, абыроймен жауапты қызмет атқарып жүрген өрендердің бірі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің № 1 мамандандырылған өрт бөлімшесінің қарауыл басшысы, азаматтық қорғау лейтенанты Бауыржан Текенов. Ол қызметтегі жетістіктерімен ғана емес, спорттық жарыстарда да ерекшеленеді.
Ол Харбин қаласында өткен өрт-құтқару спортынан ерлер арасындағы әлем чемпионатында 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеріп қола медаль жеңіп алып, Қазақстанның көпсайыс бойынша абсолютті рекордын орнатты.
«2016 жылдан бері мен өрт-құтқару спортымен айналысамын. Осы уақыт ішінде көптеген жеңістер мен марапаттарға ие болдым. Қазір мен спорт шеберімін және Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесімін», – дейді Бауыржан.
Мұндай құтқарушы Төтенше жағдайлар министрлігінде қызмет ету – бұл тек қана үнемі қауіп пен жоғары жауапкершілік емес, сондай-ақ өзіңді танытуға, жетістікке жетуге және елді халықаралық аренада танытуға мүмкіндік екенін көрсетеді.
ТЖМ тағы бір құрдасы Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Петропавл қаласындағы №1 мамандандырылған өрт бөлімшесінің аға инженері Елжас Құрманғожин.
Петропавлда көршілес жеке үйдегі өртті сөндіруді көрген күні Елжастың өрт сөндіруші мамандығына деген қызығушылығы оянды. 16 жастағы мектеп оқушысын өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі жылдам жұмыс істеуі, қиындықтар мен қауіптерге қарамастан батылдық танытуға дайындығы таңқалдырды. Сол сәттен бастап ол облыс орталығындағы №4 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлеріне қонаққа жиі барды. Елжас өрт сөндірушілердің жұмысымен жан-жақты танысып, олармен бірге кедергілер жолын еңсеріп, жеке құрамның дене даярлығына қатысты.
«Бала кезімнен өз Отаныма ең үлкен пайдамды тигізіп, оның азаматтарын қауіптен қорғауды ойладым. Мамандығымды таңдағанда, өз таңдауымды анық әрі қайтымсыз түрде жасадым!», — деп азаматтық қорғау майоры еске алады.
Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында оқу одан әрі мансап үшін жақсы жол ашты. Университетті бітірген соң Шал ақын ауданына қарауыл бастығы қызметін атқарып, кейін Қызылжар ауданының Бескөл ауылына ауысты. Осы жылдар ішінде қызметте көп нәрсе болды: кезекшіліктер, өрттерді сөндіру, төтенше жағдайларды жою, тұрғындар арасында алдын алу жұмыстары. Күн сайын таңдаған мамандығының маңыздылығына және қажеттілігіне сенімі нығайды. Петропавл гарнизонына қызметке ауысуы жас маман үшін есте қаларлық белес болды: мұнда ол түрлі қиындықтарды еңсеріп, ірі өрттерді сөндіруге, су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды жоюға қатысты. Ол әріптестерімен, орманшылармен және еріктілермен бірге ауыл тұрғындарының үйлерін өрттен қорғап, Қостанай облысындағы табиғи өрттерді сөндіру жұмыстарына қатысқанын ұмытпайды. Облыс орталығында орналасқан көпқабатты тұрғын үйіндегі өрт кезінде бесінші қабаттағы пәтерден тыныс алу аппаратын кигізіп, қызды өзі арқалап алып шығуы ең есте қаларлық оқиғалардың бірі болды.
Жас маманның әріптестері арасында беделі зор, әрқашан қиын сәтте көмекке келіп, кеңес беріп, тәжірибесімен бөлісуге дайын. Елжастың тірегі – бұл отбасы, ол жары Азизамен бірге екі баланы тәрбиелеп отыр. Өзінің жауынгерлік дене даярлығын қамтамасыз ету үшін жүгірумен айналысады. Оның өмірлік кредосы: «Әр адам өз ісінің маманы болуға тиіс, жоғары деңгейде жұмыс істеу керек!».