Кеше 7 қазанда «Өзін-өзі қорғау» және «Жекпе-жек» дисциплиналары бойынша іріктеу, жартылай финал және финалдық жарыстар өтті. Сонымен қатар «Өзін-өзі қорғау» дисциплинасы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өткізілді.
Жарыстың бірінші күні әсерлі «Жекпе-жек» дисциплинасымен аяқталды. Татами үстінде шиеленісті ширек финал және жартылай финал сайыстары өтті. Қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықтарын және жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті.
Бүгін 8 қазанда «Жекпе-жек» дисциплинасы бойынша 9 салмақ дәрежесінде, оның ішінде абсолюттік салмақ дәрежелерінде (ерлер арасында 73 кг дейін, 73 кг жоғары және әйелдер арасында 58 кг жоғары) финалдық кездесулер өткізілді. Сонымен қатар «Жекпе-жек» дисциплинасы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.
ТЖМ қызметкерлері арасынан финалист атанғандар:
Әйелдер:
70 кг — Чеботарева Мария (Қарағанды облысы ТЖД)
+70 кг — Беркінбаева Аружан (Түркістан облысы ТЖД)
Ерлер:
62 кг — Резмерица Ярослав (Қарағанды облысындағы әскери бөлім)
80 кг — Искандеров Аслан («Резерв» РМК)
97 кг — Пернебек Алиби («Резерв» РМК)
Қола жүлдегерлер:
Әйелдер:
48 кг — Жүсіпова Томирис (Ақмола облысы ТЖД)
48 кг — Жүсіпова Шынар (Абай облысы ТЖД)
53 кг — Асылбекова Сағыныш (Астана қаласы ТЖД)
58 кг — Юлдашева Юлтуз (Қазавиақұтқару)
58 кг — Рахатова Әйгерім (Шығыс Қазақстан облысы ТЖД)
Ерлер:
57 кг — Пехотин Олег (Алматы қаласы ТЖД)
Бүгін кешке ашылу салтанаты, гала-шоу, «Жекпе-жек» дисциплинасы бойынша 8 финалдық кездесу және «Өзін-өзі қорғау» дисциплинасы бойынша 1 жекпе-жек өткізіледі, сондай-ақ жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтеді.