2025 жылғы қоян-қолтық ұрысынан әлем кубогы финалының тікелей эфирі

2025 жылғы қоян-қолтық ұрысынан әлем кубогы финалының тікелей эфирі

  Астанада Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрысынан әлем кубогының финалы өтіп жатыр. Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтуде.

  Қатысушылар жаттығудың екі түрінен сынға түсуде: өзін-өзі қорғау және жекпе-жек.

  Жарысқа әлемнің 20 елінен келген 230-дан астам спортшы қатысуда. Олар өз шеберліктерін, рухтың мықтылығын және жеңіске деген жігерін көрсетуде.

  Әлем кубогының финалын «Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс ассоциациясы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Batyr team» спорт клубының қолдауымен ұйымдастырды. Турнирдің бас демеушісі Қазақстан құтқарушылары қоры.

  Турнирді «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде  мына сілтеме арқылы өтіп, көруге болады:  https://qazsporttv.kz/ru/live