Қарағанды облысында сүңгуірлерге арналған республикалық тренинг басталды

Қарағанды облысында сүңгуірлерге арналған республикалық тренинг басталды

  Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Приозерск қаласындағы құтқару бөлімше базасында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің сүңгуірлерді даярлау бойынша тренинг басталды.

  Тренинг өткізу жоспарына сәйкес қатысушыларға қауіпсіздік техникасы мен оқу кезеңінде тәртіп сақтау ережелері бойынша нұсқаулық өткізілді. Алғашқы күні сүңгуір-құтқарушылар оқу-жаттығу базасымен, сабақ кестесімен және күн тәртібімен танысты.

  Жалпы оқу-жаттығуға еліміздің 17 өңірінен және республикалық маңызы бар үш қаласынан келген 25 сүңгуір-құтқарушы қатысуда.

  Приозерск қаласындағы құтқару станциясы дәстүрлі түрде сүңгуірлерді даярлау алаңына айналып отыр. Мұнда жыл сайын оқу-жаттығулар мен дайындық сабақтары өткізіледі. Станция базасында теориялық және практикалық дайындықты ұйымдастыру үшін барлық қажетті жаттығу құралдары, оқу орындары, сондай-ақ техникалық бассейн мен Балқаш көлі акваториясы бар.