Астанада Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрысынан әлем кубогының финалы өтіп жатыр. Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтуде.
Бүгін қатысушылар жаттығудың екі түрінен сынға түсуде: өзін-өзі қорғау және жекпе-жек. Кеше мандаттық комиссия, салмақ өлшеу және жеребе тарту рәсімі өтті.
Жарысқа әлемнің 20 елінен келген 230-дан астам спортшы қатысуда. Олар өз шеберліктерін, рухтың мықтылығын және жеңіске деген жігерін көрсетуде.
Әлем кубогының финалын «Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс ассоциациясы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Batyr team» спорт клубының қолдауымен ұйымдастырды. Турнирдің бас демеушісі Қазақстан құтқарушылары қоры.
Турнирдің тікелей көрсетілімін ТЖМ «112kz» tiktok пен инстаграмынан мына сілтемелер арқылы өтіп, көруге болады:
https://vm.tiktok.com/ZMH76FXoaD5KX-AaImi/
https://www.instagram.com/112kz_/live/18088662103882897