ТЖМ қысқа дайындықты күшейтуде: қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді

ТЖМ қысқа дайындықты күшейтуде: қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді

  ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов  ТЖМ бөлімшелерінің және ұйымдарының басшыларымен қысқы кезеңге дайындық мәселесіне арналған жиын өткізді.

  Ведомство басшысы күштер мен құралдарды толық дайындыққа келтіруді, сондай-ақ өткен жылғы тәжірибені ескере отырып, мүмкін болатын төтенше жағдайлардың тәуекелдерін талдауды тапсырды.

  15 тамыздан бастап елімізде тұрғын секторда өрт қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтіп жатыр. Азаматтардың үйлеріне 9 мыңнан астам өрт хабарлағышы орнатылды. Жұмыс жалғасуда.

  Министр мұз қата бастаған кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздікке бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

  «Қараша айынан бастап мұз әлсіз болады, оның үстіне шығу адам өміріне қауіпті. Халықты ескертіп, алдын алу жұмыстарын күшейту қажет», - деді Шыңғыс Әрінов.

  Сонымен қатар көлік қатынасына әсер етуі мүмкін қар мен боранға дайындықты қамтамасыз ету тапсырылды.

  Барлық өңірлерде кешенді іс-шаралар жүргізілуде: техника мен жабдықтарды тексеру, қызметкерлердің қысқы нысанды киімге көшуі, жылу жабдықтары нысандарындағы алдын алу шаралары және жолдар мен су айдындарындағы қауіпсіздікті күшейту.

  Негізгі міндет - тәуекелдерді азайтып, қыс маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.