2025 жылғы 6-8 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық ұрысынан әлем кубогының финалы өтеді.
Кубок Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.
6 қазанда – мандаттық комиссия.
7 қазанда – жарыстың басталуы.
Жарысқа тек Төтенше жағдайлар министрлігінің құрама командасы ғана емес, сондай-ақ шет мемлекеттердің ұлттық құрамаларының намысын қорғайтын мықты спортшылар қатысады. Әлем кубогының финалы – бұл қоян-қолтық ұрысының үздік шеберлерін біріктіретін және дене шынықтыру мен спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын маңызды спорттық оқиға болмақ.
Көрермендерді тартысты жекпе-жектер, жоғары бәсекелестік пен қатысушылардың жарқын өнері күтуде. Турнир қоян-қолтық ұрысын насихаттау, спорттық шеберлікті арттыру және төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жауынгерлік рухын нығайту мақсатында өткізіледі.
Жарысты тамашалап, қатысушыларға қолдау көрсету үшін баршаңызды шақырамыз!
Аккредиттеу мәселелері бойынша
ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне 87015290187, 87771153884 немесе ps@emer.kz
электрондық поштасы арқылы хабарласыңыздар